Бес жолды
өлең және эссе үлгілері
Оқыту
жүйесі белгілі бір педагогикалық технологияларды қажет етеді. Соның бірі – «Оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Бұл технологияны әңгімені
оқытуда пайдалану өте тиімді.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде
қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Сенімділікке тәрбиелеу.
3. Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Технология үш кезеңнен тұрады:
І. Ой шақыру;
ІІ. Мағынаны тану;
ІІІ. Ой толғаныс.
Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олар өзара тығыз байланысты. Әр
кезеңнің тиімді стратегиялары бар.
Осы кітапшада 3 «а» сынып оқушылардың құрастырған «Бес жолды өлең» стратегиясы
және «Эссе» бойынша жұмыстарының үлгілерін ұсынып отырмын.
Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең): Ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.
– Бірінші жолда – тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
– Екінші жолда – тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
– Үшінші жолда – тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
– Төртінші жолда – 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
– Бесінші жолда – тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
Мысалы:
1. Күй.
2. Әсерлі, құдіретті.
3. Мұңайтады, балқытады, тербентеді.
4. Күй – адам сезімінің көрінісі.
5. Өнер.
Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Бес жолды өлеңдердің үлгілері:
Отан
Үлкен, қымбат
Қорғайды, дамиды, оқытады
Отан оттан да ыстық
Ел
Оқушы
Тәртіпті, білімді
Оқиды, санайды, жазады
Оқушылар біздің елдің болашағы.
Бала
Кітап
Қалың, қызықты
Жазады, көреді, оқиды
Кітап – білім бұлағы ғой
Оқулық
Ана
Ақылды, сұлу
Асырайды, қорғайды, тәрбиелейді
Ана – ең қымбат адам
Шеше
Мұғалім
Білімді, сыйлы
Тәрбиелейді, оқытады, бағалайды
Мұғалім, балаларға білім береді
Ұстаз
Күн
Ашық, әдемі
Жарқырайды, жылытады, тұрады
Күн бәріне нұрын шашады
Жарық
Қарлығаш
Әдемі, қара
Ұшады, асырайды, жасайды
Қарлығаштар, лайдан ұя жасайды
Құс
Ит
Ақылды, жүйрік
Қорғайды, күшіктейді, үреді
Ит – адамның жақын досы
Жануар
Адам
Ақылды, ұқыпты
Туады, өседі, жүреді
Адам сусыз өмір сүре алмайды
Азамат
Жылқы
Жүйрік, әдемі
Жүгіреді, жайылады, жатады
Жылқы – қазақта қасиетті жануар
Ат
Өзен
Үлкен таза
Ағады, қатады, жылжиды
Балалар жазда өзенде шомылады
Су
Батыр
Мықты, ержүрек
Қорғайды, күреседі, сыйлайды
Батырлар елін, жерін қорғайды
Ер
Әміре
Талантты, өнерлі
Айтты, шырқады, болды
Әміре өз әнін шырқады
Әнші
Бауыржан
Ержүрек, мықты
Жеңді, соғысты үйретті
Бауыржан Момышұлы – халық батыры.
Батыр
Нан
Дәмді, жұмсақ
Пісіреді, жейді, турайды
Нан алтыннан да қымбат
Тамақ
Күз
Алтын, салқын
Суытады, сарғаяды, жинайды
Алтын күз тамаша мезгіл!
Мезгіл
Табиғат
Тірі өлі
Асырайды, қорғайды, құлпырады
Адам табиғаттың бір бөлігі
Дала
Алма
Тәтті, қызыл
Гүлдейді, өседі, қызарады
Алма адамға өте пайдалы
Жеміс
Мектеп
Үлкен, жаңа
Оқытады, тәрбиелейді, өсіреді
Мектеп – біздің екінші үйіміз
Ғимарат
Бала
Жақсы, ұқыпты
Ойнайды, оқиды, дамиды
Бала – ата – ананың жалғасы
Адам
Ғарышкер
Батыл, ақылды
Ұшады, зерттейді, ойлайды
Ғарышкерлер – батыр да батыл адамдар
Ұшқыш
Жазушы
Білімді, ақылды
Жазады, оқиды, әңгімелейді
Сәкен Сейфуллин – атақты жазушы
Ақын
Әже
Мейірімді, қымбатты
Асырайды, тоқиды, пісіреді
Мен әжемді жақсы көремін
Апа
Дәрігер
Білімді, мейірімді
Емдейді, сақтайды, жазады
Дәрігер адамды емдейді
емдеуші
Қала
Үлкен, әдемі
Өседі, дамиды, әдеміленеді
Астана – еліміздің бас қаласы
Астана
Әнші
Атақты, еңбекқор
Айтады, шығады, жаттайды
Роза Рымбаева – атақшы әнші
Әртіс
Түлкі
Айлакер, қу
Жүгіреді, алдайды, естиді
Түлкі айлакер аңға жатады
Аң
Домбыра
Жаңа, екі шекті
Ойнайды, шертеді, қызықтырады
Домбыра – қазақ халқының аспабы
аспап
Қар
Ақ, қалың
Жауады, жатады, ериді
Көктемде қар еріп кетеді
Су
Қызғалдақ
Әдемі, хош иісті
Өседі, құлпырады, солады
Көктемде қызғалдақтар өте әдемі.
Гүл
Ертегі
Қызықты, пайдалы
Оқиды, үйретеді, тәрбиелейді
Ертегілердің кейіпкерлері қызықты болады.
Шығарма
Қағаз
Ақ, түрлі – түсті
Жазамыз, сызамыз, бүктейміз
Қағазға сурет салып үйренеміз
Парақ
Үй
Үлкен, биік
Тұрамыз, өсеміз, жинаймыз
Әр үйдің сыры бар.
Баспана
Дос
Адал, шыншыл
Көмектеседі, сыйлайды, ойнайды
Дос көп болу қажет.
Серік
Наурызкөже
Дәмді, пайдалы
Пісіреді, дайындайды, ішеді
Наурызда әжем наурызкөже пісіреді.
Тағам
Эссе үлгілері.
Туған жер.
Менің туып өскен жерім – Қабанбай батыр ауылы. Мен Пионерская көшесінде
тұрамын. Ауылымызда екі мектеп бар, мәдениет үйі, кітапхана. Менің достарым
көп. Біз бірге ойнаймыз, серуендейміз. Ауылдың жанында Қабанбай батырдың
кесенесі бар. (Кенжебек Аружан)
Көктем келді.
Міне көктем де келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Күн жылынды, қар
еріп, күн ұзарды. Енді құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жаяды, бәйшешек
гүлдейді. Адамдар қуанады, көңілдері көтеріңкі болады. Мамырда оқу жылы
аяқталады. (Ислям Алма)
Табиғатты қорғаймыз.
Табиғат – бізді қоршап тұрған орта. Адам да табиғаттың бір бөлігі. Табиғат тірі
және өлі болып келеді. Ол бізге қуаныш әкеледі, сондықтан табиғатты қорғау
керек. Ағаштар, гүлдер отырғызу, қоқыс лақтырмау, өрттен сақтау. Көліктердің,
зауыттардың түтіні ауаны ластайды.
( Искаков Еламан)
Үй жануарлары.
Үй жануарларына: жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі жатады. Олардың төлдері: құлын,
бұзау, бота, қозы, лақ. Олардың пайдасы көп: сүт, ет, тері, жүн. Сүттен көп
әртүрлі тағамдар дайындалады. Қымыз, шұбат – пайдалы сусындар. Маған қымыз
ұнайды.
( Әбдірасіл Нұрсұлтан)
Аңдар.
Аңдар өте көп. Мысалы: қасқыр, түлкі, аю, кірпі, жолбарыс, арыстан т. б. Олар
ормандарда тіршілік етеді. Аюдың түрлері көп: қоңыр аю, ақ аю, панда т. б. Ақ
аю мұздықта өмір сүреді. Оның қонжықтары болады. Балықпен қоректенеді. (
Отузбаев Дәулет).
Мектеп.
Мектеп балаларға білім мен тәрбие береді. Біздің мектеп – екі қабатты. Менің
сыныбым екінші қабатта. Сыныпта 22 оқушы бар. Менің сүйікті пәнім – қазақ тілі,
әдебиеттік оқу. Мен күнде «бес» деген баға алып тұрамын. Өз мұғалімімді
сыйлаймын, жақсы көремін. Мектебім – екінші үйім.
( Кайсина Айнур)
Астана.
Астана – біздің еліміздің бас қаласы. Жылда 6 шілдеде адамдар Астана күнін
тойлайды. Мен Астанада жиі боламын. Ата – аналарым мені «Мега», «Думан»,
«Ханшатыр» деген орындарына апарады. Ең биік «Бәйтерек» – алыстан көрініп
тұрады. ( Болғазин Айбын)
Достарым.
Менің достарым көп. Сыныптағы балалармен жақсы достасамын, ал ең жақын досым –
Нұршат. Ол менің көршім. Сабақтан кейін біз кездесеміз, ойнаймыз. Ол менен
үлкен, сондықтан мені қорғап жүреді. Екеуміз велосипед тебеміз, футбол
ойнаймыз. ( Темірғалин Данияр)
Жаз.
Көктемнен кейін жаз келеді. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Маусым айында мен
жазғы лагерьге келемін. Мұнда маған ұнайды. Ойын ойнаймыз, жарыстар өткіземіз,
түскі тамақ ішеміз. Аспазшы дәмді тамақ пісіреді. Содан кейін мен әжеме қонаққа
барамын.
( Балтабек Аршагүл)
Кітапханада.
Кітапханада көп әртүрлі кітаптар бар. Мен мектептегі кітапханаға барамын,
ертегілерді алып оқимын. Кейде кітапханашы бізге шашка, шахмат ойнауға береді.
Егер реферат жазу керек болса, мен кітапханадан кітап алып, дайындаламын. Кез
келген адам кітаптардан көп білім алады. ( Бисекеева Сания)
Ағаштар.
Ағаштар тірі табиғаттың бір бөлігі. Олар адамдарға таза ауа, әсемдік береді, ал
құстарға баспана болады. Біздің ауылда терек, үйеңкі, емен, шырша, қарағай, тал
өседі. Жаз бойы ағаштар жап – жасыл болып тұрады. Оларды қорғау керек,
бұтақтарын сындырмау, кеспеу керек.
( Серік Арсен)
Наурыз.
22 наурыз – жыл басы. Күн мен түн теңеледі. Адамдар бір – біріне қонаққа
барады, наурызкөже, ұлттық тағамдар пісіреді. Әртүрлі ұлттық ойындар өткізеді.
Табиғат оянады. Бүкіл Қазақстан наурыз мерекесін тойлайды. Қалада киіз үйлер
тігіледі, адамдар қыдырады. Ал біздер көктемгі каникулға шығамыз.(Умирзаков
Нияз)
Кері
қайту
Серіктестер
жаңалықтары
Нан
дастарханға қалай келеді?
Дән
тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге
дейінгі еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.
Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Балабақшада
тәрбиелеуде ойын өткізу бағыттары
Мектепке
дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты болу, ол – жас ұрпақты
жан – жақты тәрбиелеу, ой – өрісін, сана – сезімін кеңейте, өмірге қажетті
білім-дағдыларға үйрету.
Ата
көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер.
Бүлдіршіндерді
ізгілікке, үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, адамгершілікке тәрбиелеу,
халқымыздың асыл мұрасы – халық ауыз әдебиеті түрлерін таныту, ой – өрісін
дамыту, өнерге баулу.
ҰБТ-ға
дайындалуға пстхологиялық көмек
Мақсаты:
ҰБТ-ге дайындау кезінде оқушылардың өзін – өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру,
өзін – өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл – күйін
көтеру. Қажетті құралдар: …
Oқытуды
бacқaру жәнe көшбacшылық
Бacқaру жәнe
көшбacшылық турaлы көзқaрacтaрын қaлыптacтырa oтырып, прaктикaлық тaпcырмaлaр
aрқылы түciнiктeрiн кeңeйту. Көшбасшы ұғымының мәнін ашу, мұғалім
тәжірибесіндегі мұғалім көшбасшылығы …
Сүтқоректілер
класына жалпы сипаттама
Ұрпағын
сүтімен асырайтын сүтқоректілер класына сипаттама беру. Сүтқоректілердің сыртқы
және ішкі құрылыс ерекшелігінің күрделенуі туралы түсінік бере отырып,
салыстыру.
Сөйлем түрлері
Сөйлем
туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып
отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.
Дидактикалық синквейн тілді дамуты құралы ретінде.
Қазіргі таңда логопедия ғылымы бала тілін дамыту жұмыстарын жетілдіру бағытында заман талабына сай әрдайым белсенді ізденіс үстінде. Педагогика, психология және медицина ғылымдарының қиылысқан нүктесінде тұрған логопедия өз тәжірибесінде дәстүрлі емес әдіс тәсілдерді өз жұмысына бейімдеп қолдана бастады.
Дидактикалық синквейнді логопедиялық түзету сабақтарында тиімді пайдалану балалардың жалпы сөйлеу тілі дамытуда жақсы нәтиже берері сөзсіз.Синквейн баланың талдау қабілетін қалыптастыруда көп пайда келтіреді. Синквейн жазу сабақ уақытын үнемдейді, сонымен қатар баланың зиятын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Синквейн жазу түсініктерді және оның мағынасын меңгерту үрдісін әжептәуір жеңілдетеді, баланы өз ойын қысқа, әрі дәл айтуға үйретеді, сөздік қорын байытуға себептігін тигізеді.-өткен лексикалық тақырып бойынша синвейн жаз; -бір тақырыпқа сурет сал, сурет бойынша синквейн жаз;-синквейн тақырыбы бойынша қысқаша әңгіме құрастыр;Синквейн жазуды топпен немесе жеке сабақ кезінде де өткізуге болады.
Логопедиялық түзету сабақтарында дидактикалық синквейнді пайдаланудың өзектілігін қарастырсақ:Бұл балалардың сөздік қоры шектеулі, сөйлемде сөздерді дұрыс байланыстыра алмайды, өз ойын анық және дәл жеткізе алмайды.Тәжірибе көрсеткендей жалпы сөйлеу тілінің дамуы тежелген балалармен түзету жұмысын жүргізгеннен кейін де, олар өз ойын жеткізуде ұзақ ойлануды қажет етеді. Сондықтан, сөз қорын байытумен қатар, баланың белсенді сөйлеуіне мүмкіндік беру маңызды. Бұл бағытта түзету сабақтарында дидактикалық синквейнді пайдалану жақсы нәтиже беріп келеді. Синквейн француз тілінен аударғанда «бес жол», бес жолдан тұратын өлең деген мағына береді. Дидактикалық синквейн әр жолдың мағыналы және синтаксистік байланыста болуына негізделген, еркін шығарма түрі.Оқушы синквейн жаза отырып ақпараттың негізгісін іріктеп алып, қорытынды жасап, өз ойын қысқа, әрі нақты білдіруді үйренеді. Бұл қазіргі заман жастарына өте қажетті қасиеттердің біріЖалпы сөйлеу тілінің дамуы тежелген балалардың сөздік қоры, лексика-грамматикалық жағы қалыпты дамыған өз құрдастарынан меңгерген лексиканың сандық және сапалық жағынан да қалыс қалады. -оқып-үйренуге арналған минимум сөздіктерге тілімізде жиі кездесетін және жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білу. -сөздік қордағы лексикалық бірліктердің синонимдік қатарын толықтыру және меңгерілген лексиканың семантикасын және экспрессивтік мәндегі сөздердің мағыналарын айқындау; -ауызша тілді меңгерудің жүйесіз, ретсіз түрінен мектепте морфология мен лексиканы оқып-үйренудің жүйеленген үлгілеріне көшу;-меңгерілген лексиканың сандық және сапалық ерекшеліктері;Мектептегі оқытудың алғашқы кезеңіндегі бала тілінің дамуына енгізілетін өзгерістер:Заттар мен құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды атау және түсіндіру барысында ересектер баланың өз бетінше қалыптасатын таным-түсінігінен гөрі, күрделі әрі терең танымдық байланыстарды қалыптастырады.
«Дидактикалық синквейдің» тарихы
Синквейн (фран. Cinquains, ағыл. Cinquain) — Жапондық поэзия әсерінен ХХ ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарында пайда болған бес жолдық өлең нысаны. Кейінірек (соңғы кездерде және 1972 жылдардан бастап, Ресейде) дидактикалық мақсататрда, тиімді әрі әсерлі сөз дамыту мақсаттарында қолданысқа енді. Кейбір әдіскерлердің ойынша «синквейн» оқушыларға күрделі ақпаратты синтиздеуде, олардың тұжырым жасау және (лексикалық ққабілеттерін бағалауда тез шешімін табуға «синквейн» ыңғайлы деп санаған), сөздік қорын дамытуына тиімді, пайдалы деп танылған.
Дидактикалық синквейн негіздері
Дидактикалық синквейнді логопедиялық түзету сабақтарында тиімді пайдалану балалардың жалпы сөйлеу тілі дамытуда жақсы нәтиже берері сөзсіз.Синквейн баланың талдау қабілетін қалыптастыруда көп пайда келтіреді. Синквейн жазу сабақ уақытын үнемдейді, сонымен қатар баланың зиятын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік бередіСинквейн жазу түсініктерді және оның мағынасын меңгерту үрдісін әжептәуір жеңілдетеді, баланы өз ойын қысқа, әрі дәл айтуға үйретеді, сөздік қорын байытуға себептігін тигізеді.-өткен лексикалық тақырып бойынша синвейн жаз; -бір тақырыпқа сурет сал, сурет бойынша синквейн жаз;-синквейн тақырыбы бойынша қысқаша әңгіме құрастыр;Синквейн жазуды топпен немесе жеке сабақ кезінде де өткізуге болады. Үй жұмысы ретінде берілген синквейн ата-ананың да шығармашылық жұмысқа қатысуына себептігін тигізеді. Синквейн жазуды үйге берген жағдайда тапсырманы да күрделендірген тиімді:Тәжірибе көрсеткендей, оқу жылының аяғында оқушылардың көбі синквейн жазуға дағдыланады, сонымен қатар, сөздерді мағынасына қарай жинақтай алады, сөздік қорын байытады.- сөйлем құра білуі маңызды.-сөйлемдегі сөздерді байланыстыра білуі;- сөз мағынасын дұрыс түсініп, сұрақ қоя білуі;-жинақтай білуі;-тақырып бойынша сөздік қордың қажетті деңгейде болуы;Мысалдар көрсеткендей, синквейнді дұрыс жазу үшін:Жыл мезгіліМен қысты жақсы көремінТоңдырады, үсіреді,шынықтырады Аязды, суық Қыс Ойыншық Менің аюымның түсі ақ Тыңдайды, ұйықтайды, отырады Сүйкімді, әдеміАю Үй жануары Лақ ешкінің төлі Жүгіреді, секіреді, сүзеді Кішкентай, пысық ЛақМысалы,-Тек тіл байлығына ғана емес, баланың дамуына кешенді түрде есте сақтау қабілетінің, зейінінің, ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.- Мұғалімге өткен материалды баланың қандай деңгейде игергенін бағалауға мүмкіндік беретін диагностикалық құрал бола алады;- Баланың сөздік қорын байытуға,белгілі бір түсініктің мазмұнын айқындауға себебін тигізеді;- Синквейнді пайдалану тіл дамуының бұзылуын түзетудегі жүргізілетін негізгі жұмысқа қайшылық келтірмейді, керісінше ол жұмысты қорытындылауға мүмкіндік береді; – Логопедия ғылымы мұғалім жұмысын ізгілендіріп, жаңа тиімді технологияларды іздестіріп, тәжірибеде пайдалануды іске асырады; – Жаңа технология – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады; Логопедиялық түзету сабақтарында дидактикалық синквейнді пайдаланудың өзектілігін қарастырсақ:Бұл балалардың сөздік қоры шектеулі, сөйлемде сөздерді дұрыс байланыстыра алмайды, өз ойын анық және дәл жеткізе алмайды.Тәжірибе көрсеткендей жалпы сөйлеу тілінің дамуы тежелген балалармен түзету жұмысын жүргізгеннен кейін де, олар өз ойын жеткізуде ұзақ ойлануды қажет етеді. Сондықтан, сөз қорын байытумен қатар, баланың белсенді сөйлеуіне мүмкіндік беру маңызды. Бұл бағытта түзету сабақтарында дидактикалық синквейнді пайдалану жақсы нәтиже беріп келеді. Синквейн француз тілінен аударғанда «бес жол», бес жолдан тұратын өлең деген мағына береді. Дидактикалық синквейн әр жолдың мағыналы және синтаксистік байланыста болуына негізделген, еркін шығарма түрі.Оқушы синквейн жаза отырып ақпараттың негізгісін іріктеп алып, қорытынды жасап, өз ойын қысқа, әрі нақты білдіруді үйренеді. Бұл қазіргі заман жастарына өте қажетті қасиеттердің біріЖалпы сөйлеу тілінің дамуы тежелген балалардың сөздік қоры, лексика-грамматикалық жағы қалыпты дамыған өз құрдастарынан меңгерген лексиканың сандық және сапалық жағынан да қалыс қалады. -оқып-үйренуге арналған минимум сөздіктерге тілімізде жиі кездесетін және жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білу. -сөздік қордағы лексикалық бірліктердің синонимдік қатарын толықтыру және меңгерілген лексиканың семантикасын және экспрессивтік мәндегі сөздердің мағыналарын айқындау; -ауызша тілді меңгерудің жүйесіз, ретсіз түрінен мектепте морфология мен лексиканы оқып-үйренудің жүйеленген үлгілеріне көшу;-меңгерілген лексиканың сандық және сапалық ерекшеліктері;Мектептегі оқытудың алғашқы кезеңіндегі бала тілінің дамуына енгізілетін өзгерістер:Заттар мен құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды атау және түсіндіру барысында ересектер баланың өз бетінше қалыптасатын таным-түсінігінен гөрі, күрделі әрі терең танымдық байланыстарды қалыптастырады. Тілді, оның дамуы мен жеке адамның қалыптасуындағы ролін зерттеу – адамның бүкіл таным қызметінің қалыптасуын қарастыруда ерекше маңызға ие болып отырған ғылымның басты мәселесіне айналды. Ал танымдық қызмет баланың таныс емес ортамен қарым-қатынас жасауы, яғни ұрпақтан-ұрпаққа бұрынғылардың тәлімі мен тәрбиесі, іс-тәжірибесінің берілу үрдісінде қалыптасады. Балғын шақтан есейіп, ересектер қатарына өту барысында баланың психикалық дамуының негізгі бір формасы – өзара сөйлесу, пікірлесу арқылы өзгелердің іс-тәжірибесін бойына сіңіру екені белгілі.Баланың қалыптасып, дамуындағы тілдің ролін, олардың сөйлесу қызметін зерттеу, ғылымның басты міндеттерінің бірі болып отыр.
Дидактикалық синквейдің жасау ережелері
Бірінші қатар – бір сөз – затты білдіреді
Екінші қатар – екі сөз – заттың сапасын білдіреді
Үшінші қатар – үш сөз – заттың қимылын білдіреді
Төртінші қатар – бір фраза немесе бірнеше сөз
Бесінші қатар – сөздер – қауымдастық
Дидактикалық синквейді құрал алгоритімі
Дидактикалық синквейді пайдалану мысалдары
1 Қыс
2 Суық
3 Тоңдырады
4 Мен қысты жақсы көремін
5 Жыл мезгілі.
1. Раушан
2. Әдемі
3. Өседі
4. Раушан гүлді анама әпердім
5. Гүл
1
Кітап
2 Қалын
3 Оқиды
4 Мен кітапті оқимын
5 Білім
1
Алма
2 Қызыл, әдемі
3 Жийміз
4 Жақсы көремін
5 Жеміс
Описание объекта детьми по Синквейну на казахском языке
Синквейн — это методический прием, который представляет собой составление стихотворения, состоящего из 5 строк. При этом написание каждой из них подчинено определенным принципам, правилам. Таким образом, происходит краткое резюмирование, подведение итогов по изученному учебному материалу.
Правила построения синквейна
- Первая строчка стихотворения — это его тема. Представлена она всего одним словом и обязательно существительным.
- Вторая строка состоит из двух слов, раскрывающих основную тему, описывающих ее. Это должны быть прилагательные. Допускается использование причастий.
- В третьей строчке, посредством использования глаголов или деепричастий, описываются действия, относящиеся к слову, являющемуся темой синквейна. В третьей строке три слова.
- Четвертая строка — это уже не набор слов, а целая фраза, при помощи которой составляющий высказывает свое отношение к теме. В данном случае это может быть как предложение, составленное учеником самостоятельно, так и крылатое выражение, пословица, поговорка, цитата, афоризм, обязательно в контексте раскрываемой темы.
- Пятая строчка — всего одно слово, которое представляет собой некий итог, резюме. Чаще всего это просто синоним к теме стихотворения.
- В нашем детском саду в рамках пилотного проекта в подготовительной группе дети работают по Синквейну, описывая объекты на казахском языке. Детям очень легко запоминать слова на казахском языке и составлять предложения, быстро запоминают и с интересом занимаются.
1.
Бұл
сызбадағы атауларды өзара бөлінулеріне қарап орналастыр
(анықтамаларын айту, және де номерлермен көрсету)
Жоғарыда көрсетілген кестедегі
сөздерді тізбектей орналастырып, пайда болған
сұрақтың жауабын айту
СИНКВЕЙН
Төмендегі кестедегі сөзді «Синквейнді
жасауға арналған алгоритмнің» көмегімен екінші
бағанды «Сіздің синквейніңізді» шешу
Синквейнді жасауға арналған |
Сіздің синквейніңіз |
|
1 |
Материалды |
|
2 |
Термиялық |
|
3 |
Қолдану, |
|
4 |
Отынның |
|
5 |
Қондырғы |
Бұл сызбадағы атауларды өзара бөлінулеріне қарап орналастыр (анықтамаларын айту, және де номерлермен көрсету)
Жоғарыда көрсетілген кестедегі сөздерді тізбектей орналастырып, пайда болған сұрақтың жауабын айту
СИНКВЕЙН Төмендегі кестедегі сөзді «Синквейнді жасауға арналған алгоритмнің» көмегімен екінші бағанды «Сіздің синквейніңізді» шешу
Сабақтың тақырыбы: Таза ауамен демалайық.
Сабақтың мақсаты: Таза ауамен демалайық тақырыбы бойынша мәлімет беру; Жер-ана,Қоршаған ортаны қорғау,қорықтар туралы тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту.
білімділік – оқушылардың сөйлемдегі сөздердің мағыналық ,тұлғалық жағынан өзара байланысын түсіндіре отырып , таза ауа болу үшін – қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті екенін түсіндіру ;
дамытушылық – сөйлем ішіндегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы таба білу, сөйлемді дұрыс құрай алу дағдыларын арттыру . Тілдерін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
тәрбиелік – мақал-мәтелдер аркылы сабақтың тәрбиелік мәнін ашу.Оқушыларға сабақ барысында адамгершілікке,қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: әңгімелеу, қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, тіл дамыту, аударма, топтастыру, синквейн, грамматикалық тапсырма.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың қөңілін сабаққа ыңғайлау.
4. Тіл дамыту сәтін өткізу.
II. Жаңа сабақтың тақырыбы мен өту барысын талқылау.
- Кіріспе: -Сәлеметсіңдер ме балалар!
Сәлем!
Сәлем деп амандасамыз қолымызбен!
Сәлем деп қараймыз көзімізбен!
Сәлем деп айтамыз аузымызбен!
Сәлем деп бас иеміз!
Орнымыздан тұрамыз,шаттық шеңберін құрамыз. Бүгін бізде ерекше сабақ.Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. «Қош келдіңіздер!» дей отырып,мен бәріңізге жақсы көңіл-күй тілеймін. Қазақ « Жақсы сөз- жарым ырыс»,-дейді.Содықтан бір-бірімізге жақсы тілек айтайық. Мен сендерге де бүгінгі сабақта көп табысқа жетуді тілеймін.Оқушылардың бір-біріне жақсы тілектері :
-Мен саған сәттілік тілеймін !
Мен саған шыдамдылық тілеймін!
Мен саған шығармашылық табыс тілеймін!
Мен саған жақсы баға тілеймін!
Мен саған зеректік тілеймінІ
Мен саған төзімділік тілеймін! Қазір Айсана,Арина және Айсұлу сендерге гүлдер сыйлайды. Сол гүлдің түсі бойынша үш топқа бөлініп отырамыз.
Балалар ақпанның қай күні ? Аптаның қай күні? Жылдың қай мезгілі? Қыс айлары қандай?
Қазір балалар Әли мен Айяның әнін тыңдап көрейік. Бұл ән не туралы ? Кім айтады? Дұрыс , ән таза ауа туралы. Біздің сабақтың тақырыбы : «Таза ауамен демалайық ».Балалар сабақта біз не істейміз? Сабақтың мақсатын балалар өздері айтады.Сабақта біз оқимыз, мәтінді аударамыз,сұрақтарға жауап береміз,синквейн құрастырамыз,тапсырма орындаймыз.
Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабақта біз 3 топқа бөлініп жарысамыз.Осы сабақ бойы орындаған әр тапсырмаға ,жауап берген әр сұраққа ұпай алып отырасыңдар.Сабақ соңында ұпайларды есептеп,сабақта алған бағаны шығарамыз.
8-10 ұпай- «5»
6-7 ұпай- «4»
3-5 ұпай- «3»
Әр топта бағалаушы бар,ол сендердің білімдеріңді бағалап отырады.
Жарыс 6 кезеңнен тұрады:
I кезең «Табиғат-тіршілік аясы»
1. 3 топ берілген тақырыптар бойынша жобаларын қорғайды.
II кезең «Таза ауа-денсаулық кепілі»
1. Мәтінмен жұмыс..
III кезең «Кім тапқыр,әрі жылдам»
Тапсырмалармен жұмыс
Сергіту сәті :Кірпі «Қара жорға»
IV кезең «Сөз көркі-мақал»
- Мақал жарыс
- Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу
V кезең «Синквейн»
1. Бес жолды өлең
VI кезең «Таза ауамен демалайық»
«Ауа таза болу үшін не істеу керек?» топтастыру
III.Өткен сабақты пысықтау:
I кезең «Табиғат-тіршілік аясы»
а) Әр топ өз жобаларын қорғайды.
I топ «Жер-ана»
* Жер –бәріміздің анамыз. Онсыз өмір жоқ..
* Жер-ана дейтін себебіміз-ішетін суымыз,жейтін нанымыз жердікі..
* Адамға қажетінің бәрі жерден шығады.
II топ «Қоршаған ортаны қорғау»
*5 маусым-Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні.
* Оның негізгі мақсаты-табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру.
* Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған.
* Әр-түрлі ойын-сауық ,ағаш отырғызу,сурет салу,саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар өткізіледі.
III топ «Қорықтар неге керек ?»
*Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер азайып,жылдар өткен соң ,мүлдем құрып кету қауіпі туады.
* Құстар сайрап,көбелектер ұшып,гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз.
* Қорықтарға барғанда ешбір аңға,құсқа тиіспей,гүлдер мен өсімдіктерді жұлып,таптамау керек.
* Елімізде табиғат байлығын :ормандар мен өсімдіктерді ,жануарлар мен аң-құстарды қорғап,сақтайтын қорықтар көп.
Үш балдық жүйемен бағалау
II кезең «Таза ауа-денсаулық кепілі »
ә) Мәтінмен жұмыс.
1. Жаңа сөздерді меңгерту
- Тәулік-сутки
- Жұтады-вдыхает,глотает
- Тыныстау-вдохнуть
- Қажет,керек-нужно
- Жағалау-побережье
- Айнала-вокруг
- Сақтау-сохранить
- Көгалдандыру-озеленить
- Маңыз-значение
- Өсімдік-растение
- Зиянды заттар-вредные вещества
- Оттегі-кислород
- Мөлшер-доза,количество
- Гүлзарлар жасау-разбивать скверы
- Көлемін кеңейту-расширять размеры
Таза ауа-денсаулық кепілі
Әр адам тәулігіне бірнеше мың куб метр ауа жұтады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Орман ішінде ,теңіз немесе өзен мен көл жағалауында ауа таза болады. Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандырудың маңызы зор. Өсімдік ауадағы зиянды заттарды , шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады. Сондықтан көше бойы ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау, демалыс бақтарының көлемін кеңейту ауаның тазалығын сақтаудың бір жолы болып табылады.
3. Аударма жұмысы
Каждый человек в сутки вдыхает несколько тысяч кубических метров воздуха. Для дыхания человеку нужен чистый воздух. В лесу,на берегу морей,рек и озер воздух бывает чистым. Чтобы вокруг сохранить чистый воздух огромное значение имеет озеленение. Растения поглощают из воздуха вредные вещества и пыль и выделяют в большом количестве кислород. Поэтому садить деревья вдоль улиц и разбивать скверы,и расширять площадь парков отдыха является одним из путей сохранения чистоты воздуха.
4.Сұрақ-жауап.
Әр топтың оқушылары екінші топқа 2 сұрақтан қояды.
1.Әр адам тәулігіне қанша ауа жұтады?
2.Адамға тыныстау үшін не қажет?
3.Ауа қайда таза болады?
4. .Айналадағы ауаның тазалығын сақтада ненің маңызы зор?
5. Өсімдіктер қандай пайда әкеледі?
6.Ауаның тазалығын сақтаудың қандай жолын білеміз?
III кезең «Кім тапқыр,әрі жылдам».
Тапсырмалар
Тақтамен жұмыс : әр топтан бір оқушы тақтаға шығады,басқалары дәптермен жұмыс жасайды.
1 топ. Сын есім+зат есім
2топ Зат есім+етістік
3топ Зат есім+зат есім
Қорытынды: – Балалар, «Табиғат-тіршілік аясы» кезеңінде жобаларымыз арқылы табиғатты сақтау үшін бізге не керек екенін, мәтінді оқып, таза ауаны қалай сақтау керектігі туралы білдік, білімімізді тексеріп көрейік:
Ауаның тазалығын сақтау үшін не істеу керек ?
* табиғатты аялауымыз керек
* ағаш отырғызу,саябақтарды тазалау
* гүлзарларды жасау
Сергіту сәті Кірпі «Қара жорға » өлеңінің музыкасы мен сөздерін өздері айтып ,элементтерін билеп,сергіту сәтін жасау.
IV кезең «Сөз көркі-мақал»
а) Табиғат тақырыбына мақал-мәтелдер айт:
1. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
2.Жер-қазына
Су-алтын,
Мал-байлық.
3.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
4.Ағаштың тамыры-өскен жерінде,
Адамның жаны-туған елінде.
5. Туған жердің жері де көрікті,елі де сүйікті.
6. Анамызды қалай жақсы көрсек,табиғатымызды да сүйе білуіміз керек.
Б) Төмендегі мақалдарды мағынасы бойынша жұптастыр,сын есімді тап.
Бағалау 6-дұрыс- «5»
5- дұрыс-«4
3-4дұрыс-«3»
Деңгейлік тапсырма
(үлестірмелі материал түрінде таратып беру)
3 деңгей Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,көшіріп жазыңдар.
Ту…ан жер таби…аты – хал…ымыздың ұлт…ық мақтан…шы. Сонд…қтан оны а…лап қор…ауға үлес қ…су – бізд…ң азама…тық бор…шымыз.
2 деңгей.Сөйлемдегі септік және тәуелдік жалғауларын белгілеңдер.
Табиғат- адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана,бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі,құтты қонысы мен өніп- өсер мекені.
3деңгей. «Табиғат»тақырыбына өз ойларын ортаға салыңдар.
Егер мен ақын болсам,…
Егер мен табиғатты қорғауға қатысты маман болсам,…
Егер мен суретші болсам,…
Егер мен қорықтың қызметкері болсам,…
V кезең «Синквейн».Бес жол өлең.
Синквейн құру тәртібі:
Бірінші тармақ-негізгі ойға байланысты зат есім;
Екінші тармақ-негізгі ойға байланысты сын есім;
Үшінші тармақ-негізгі ойға байланысты қимылды білдіретін етістік;
Төртінші тармақ-тақырыпқа байланысты сөз тіркесі;
Бесінші тармақ-бірінші тармақтағы сөзбен мағыналас сөз.
1.Ауа.
2.Таза,жарамды.
3.Жұту,демалу,тазарту.
4.Ауа-денсаулық кепілі.
5.Тыныс.
VI кезең «Таза ауамен демалайық»
а) Топтастыру стратегиясы
Ауа таза болу үшін не істеу керек ?
Сабақ бойынша бірнеше сұрақтар беру:
- Біз бүгін қандай тақырыппен таныстық ?
- Қандай тақырыптарды қайталадық ?
- Қандай жұмыстарды орыңдадық ?
VII. Үй тапсырмасын беру:
«Таза ауамен демалайық» тақырыбына эссе жазу
Қорытынды:
Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой деймін. Бізді қоршаған әлем өте таза болу керек. Сонда біз күліп жүреді екенбіз. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап сүйе білейік. Табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.
Бәрі хормен:
Түйіп айтар сөзім:
Табиғаттың панасымыз-
Біздің мына өзіміз,
Адамзаттың баласымыз.
Айналамызға көз жіберсек, алуан түсті бояуға шомылған сұлу көріністі байқаймыз. Ол суреттің ішінде ағаш та, бұта да, шөп те, гүл де, өзен-көлде де, тау мен тас та кіреді. Бұлардың бәрі сені қоршаған әлем немесе табиғат деп аталады. Осы әлемнің ішінде барлығымыз бармыз деп аяқтаймын.
VIII. Рефлексия.
1.Бұл сабақ не туралы?
2.Мен нені білдім?
3.Маған сабақ ұнады ( неге? )
VIII. Бағалау:
бағалау парақтары мен оқушылардың белсенділіктерін ескере отырып, оларды бағалау.
Тегтер:
көрнекілік, тіл дамыту, аударма, топтастыру, синквейн, грамматикалық тапсырма