Как составить сложные предложения на казахском

Құрмалас сөйлем (Сложное предложение)
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құрылып, күрделі ойды білдіреді.(Представляет собой грамматическое, интонационное и смысловое единство нескольких простых
предложений).
1.Салалас құрмалас сөйлем (Сложносочиненное предложение)
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.
(В ССП сказуемые простых предложений имеют устойчивые грамматические формы и равноправны
между собой).
Жасалу жолдары (способы образования):
а) Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.
(Предложения, имея смысловое единство, между собой связаны интонационно).
б) Құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулары арқылы байланысады.
(Простые предложения связаны между собой союзами).
Мысалы: Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды. Марат біресе күледі, біресе ызаланып жылайды.

 
2. Сабақтас құрмалас сөйлем (Сложносочиненное предложение)
Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына
байланысады. Бағыныңқы – басыңқы. (Сказуемое первого простого предложения не имеет личных
показателей и подчиняется второму предложению. Придаточное – главное).
Бағыныңқысының баяндауышының жасалу жолдары:
(Способ образования сказуемого придаточной части)
а) шартты рай (условное наклонение) -са – се
б) көсемше (деепричастие) -а –е – й – ып – іп – п – ғалы – гелі – қалы – келі
в) есімше (причастие) -ған – ген – қан – кен –дықтан – діктен – мен – ша – ше – да – де
г) болымсыз етістік (отрицательный глагол) – ма – ме – па – пе – ба – бе – й – йынша – йінше – стан – стен
Мысалы: Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.
Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.

 
3. Аралас құрмалас сөйлем (Смешанные сложные предложения)
Кемінде үш сөйлемнен құрылып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.
(Не менее трех предложений, связанных как сочинительной так и подчинительной связями)
Жасалу жолдары:
Құрамындағы үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екеуінің баяндауыштары тиянақты болып келеді.
(Сказуемое одного из трех простых предложений не имеет личных показателей, а два других сказуемых выражают законченную мысль).
Мысалы: Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.
Күн шықса, бұлар егістікке кетеді, дегенмен бүгін осында қалатын түрлері бар.
Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен қосымша, шылау, орын тәртібі,интонация арқылы байланысады. (Простые предложения в составе сложного предложения связываются друг с другом при помощи аффиксов, союзов, порядка слов и интонационно).

Дата: 2013-01-28 Просмотров: 19949 Загрузок: 260 Язык: на русском и казахском языке

Синтаксистік талдау (Синтаксический разбор)

Синтаксистік талдау — сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сейлемдерді анықтау.

Синтаксический разбор — это разбор синтаксических единиц: словосочетаний и предложений.

Сөйлем мүшелері

Сөйлем мүшелері — сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Олар үлкен екі топқа бөлінеді:

Члены предложения — грамматически значимые части, на которые подразделяется предложение при синтаксическом разборе. Они делятся на две большие группы:

  1. Тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш)главные члены предложения (подлежащее, сказуемое).
  2. Тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)второстепенные члены предложения (определение, дополнение, обстоятельство).
Белгілеу Сөйлем мүшесі Мысал

Подлежащее

Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы.

Сказуемое

Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.

Мен дүкенге барамын.

Определение

Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.

Кең далада балалар ойнады.

Дополнение

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

Мен өз Отанымды жақсы көремін.

Обстоятельство

Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

Ертең ол театрға барады.

Жай және құрмалас сөйлемдер

Сөйлемдер грамматикалық негіздер саны бойынша екі топқа бөлінеді: жай (бір грамматикалық негіз) және құрмалас (бірнеше грамматикалық негіздер).

По количеству грамматических основ предложения делятся на простые (одна грамматическая основа) и сложные (несколько грамматических основ).

Мысалы (Например):

Мұғалім сыныпқа кірді. (Жай сөйлем)
Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады. (Құрмалас сөйлем)

Жай сөйлемдер

Жай сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 4 топқа бөлінеді:

Простые предложения по цели высказывания делятся на 4 вида:

  1. Хабарлы (Повествовательные)
  2. Лепті (Восклицательные)
  3. Сұраулы (Вопросительные)
  4. Бұйрықты (Побудительные)

Мысалы (Например):

Қалада жаңбыр жауады. (хабарлы)
Қандай ғажап табиғат! (лепті)
Мынау сенің қаламың ба? (сұраулы)
Арман, сабаққа барсын! (бұйрықты)


Жай сөйлемдер құрылысына қарай 7 топқа бөлінеді:

Простые предложения по строению делятся на 7 групп:

  1. Жалаң (тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем)
    Предложение состоит только из подлежащего и сказуемого.
  2. Жайылма (тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінен тұрады)
    В предложении присутствуют второстепенные члены предложения.
  3. Жақты (бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, жақ арқылы табуға болатын сөйлем)
    В предложении можно определить лицо, совершившее определенное действие.
  4. Жақсыз (бастауышы жоқ және жақ арқылы табуға болмайтын сөйлемдер)
    Предложение является безличным.
  5. Толымды (сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі)
    В предложении есть все 5 членов предложения.
  6. Толымсыз (айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі)
    В предложении нет хотя бы одного члена предложения.
  7. Атаулы (ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі)
    Назывное предложение. В предложении присутствует только подлежащее.

Мысалы (Например):

Жаңбыр жауады. (жалаң)
Далада жаңбыр жауады. (жайылма)
Ертең мен театрға барамын. (жақты)
Осы сабақты оқу керек. (жақсыз)
Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. (толымды)
Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. (толымсыз)
Алтын күз. (атаулы)

Құрмалас сөйлемдер

Құрмалас сөйлемдер 3 топқа бөлінеді:

Сложные предложения бывают 3 видов:

  1. Салалас (Сложносочинённое предложение)
  2. Сабақтас (Сложноподчинённое предложение)
  3. Аралас (Сложная синтаксическая конструкция)
Салалас құрмалас сөйлемдер
1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
да, де, та, те, және
Мұғалім сыныпқа кірді де, оқушылар тұрды.
2. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
бірақ, ал, дегенмен, әйтсе
Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады.
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем
не… не, немесе, әлде, біресе… біресе
Далада біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады.
4. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
не… не, я… я
Дүкенге я мен барамын, я сен барасың.
5. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
сондықтан, себебі, өйткені
Мұғалім сыныпқа кірді, сондықтан оқушылар тұрды.
6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
сонша, мынау
Менің айтарым сонша, …

Сабақтас құрмалас сөйлемдер
1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
(-ған, -ген, -қан, -кен) + (-да, -де, -ша, -ше, -ғалы, -гелі)
Мұғалім сыныпқа кіргенде, оқушылар тұрды.
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
-са, -се
Мұғалім сыныпқа кірсе, оқушылар тұрады.
3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
(-са, -се) + (-да, -де, -та, -те)
Мұғалім сыныпқа кірсе де, оқушылар тұрмады.
4. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
-у + үшін

Балаларды үйрету үшін, Алтынсарин мектептерді ашты.
5. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
(-ған, -ген, -қан, -кен) + (-дықтан, -діктен)
Мұғалім сыныпқа кіргендіктен, оқушылар тұрды.
6. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
-ып, -іп, -п; -а, -е, -й
Мұғалім сыныпқа кіріп, оқушылар тұрды.

Мысалдар (Примеры)

Пример синтаксического разбора простого предложения:

Жай сөйлем

Пример синтаксического разбора сложного предложения:

Құрмалас сөйлем

Комментарии:

  • На сайте
  • ВКонтакте

Добавить комментарий

Сложносочинённые предложения

Салалас құрмалас сөйлем

Сложносочинённые предложения состоят из независимых друг от друга простых предложений.

1. Предложения могут перечисляться через запятую и не связываться союзами (жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем).

2. Предложения (жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем) могут связываться следующими союзами:

1) және, да/де, та/те – и, да, к тому же;

2) бiрақ, ал, әйтсе де, сонда да – а, но, однако, но всё же;

3) не, немесе, бiресе, әлде – или, то.

4) сондықтан – поэтому; сол себептен, өйткенi – потому что;

Примеры:

1)

Жаз келдi де, күн жылынды. – Лето пришло, дни стали тёплые.     

Мұғалiм келмедi және сабақ болмады. – Учитель не пришёл, и урока не было.      

2)

Күз түстi, 

бiрақ күн әлi жылы. – Наступила осень, но дни ещё тёплые.     

Мен кеше досыма бардым, бiрақ ол үйде болған жоқ. – Я вчера пошёл к другу, но его дома не было.     

Мен тамақ дайындаймын, ал сен үйдi жина. – Я буду еду готовить, а ты сделай уборку.      

3)

Демалыс күнi бiз 

не теледидар көремiз, не шахмат ойнаймыз.  

        В выходной день мы либо телевизор смотрим, либо в шахматы играем.     

Жаңбыр бiресе жауды, бiресе басылды. – Дождь то шёл, то переставал.     

Сен тамақ дайындайсың ба, әлде үйдi жинайсың ба? – Ты еду готовить будешь или делать уборку?      

4)

Ол көп оқыды, 

сондықтан бiлiмдi адам болып шықты. – Он много занимался, поэтому стал образованным человеком.     

Мен ауырып қалдым, сол себептен сабаққа бармадым. – Я заболел, поэтому не пошёл на занятия.     

Бiз киноға барған жоқпыз, өйткенi емтиханға дайындалдық. – Мы в кино не ходили, потому что к экзамену готовились.      

Сложноподчинённые предложения

Сабақтас құрмалас сөйлем

Сложноподчинённые предложения состоят из главного предложения и зависимого от него придаточного предложения.

Сложноподчинённые предложения могут быть:

1.  с придаточными условия;

2.  с придаточными цели;

3.  с придаточными уступительными;

4.  с придаточными времени;

5.  с придаточными причины;

6.  с придаточными образа действия.

Подробно о каждом виде читайте в соответствующих подразделах.

Но к выше перечисленным видам не относятся сложноподчинённые предложения, которые образуются:

1) С помощью указательных местоимений не… соны, қандай… сондай. Примеры:

Сен 

не iстейсiң, мен де соны iстеймiн. – Что ты будешь делать, то и я буду делать.     

Сен қандай кiтапты аласың, мен де сондайды аламын. – Какую ты книгу возьмёшь, такую и я возьму.     

2) С помощью глаголов, имеющих значение речи, мысли, чувства: айту, есту, ойлау, қорқу и глагола-связки деп. Примеры:

Мен “Сiз қашан келдiңiз?” – деп сұрадым. – Я спросил: “Когда вы приехали?”     

Ол кешке келемiн деп айтты. – Он сказал, что он придёт вечером (= Ол “Кешке келемiн“, – деп айтты).     

Ол келмей қала ма деп қорқамын. – Боюсь, приедет ли он вечером (“мен” в начале предложения опущено).     

Мен ертең күн жақсы болады деп ойлаймын. – Я думаю, что завтра будет хорошая погода.     

Ол бүгiн жиналыс болады деп айтты. – Он сказал, что сегодня будет собрание.     

Мен ол ауырып қалды деп естiдiм. – Я слышал, что он заболел.     

(Глагол-связка “деп” используется ещё и при образовании сложноподчинённых предложений с придаточными цели).

Глагол деу в форме деген означает “называемый” или “который называется”, например:

Мен “Шығыс” деген жорналды оқып отырмын. – Я читаю журнал, который называется “Шығыс”.     

“Кiшкентай жанат” деген ертегi маған өте ұнайды. – Сказка, называемая “Кiшкентай жанат”, мне очень нравится.      

2.1 Сложноподчинённые предложения с придаточными условия

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Этот вид предложений специально ставлю первым пунктом, так как здесь всё просто (В подразделе моего сайта “условное наклонение глагола” уже приводились примеры подобных предложений).

Для образования сложноподчинённых предложений с придаточными условия могут использоваться союзы егер, онда – “если, то (тогда)”, но так как в казахском языке есть условное наклонение глагола, то в союзах нет необходимости и они часто опускаются.


 [Егер]… глагол в условном наколонении (са / се),  [онда]… 

Примеры:
Егер мен бүгiн жұмысымды ерте бiтiрсем, онда киноға барамын. – Если я сегодня рано закончу работать, то пойду в кино.     

Жаз шықса, жер көктейдi. – Если наступит лето, то земля расцветёт.     

Ертең оларды көрсек, айтайық. – Если увидим их завтра, то скажем.     

Күн ашық болса, студентер өзенге балық аулауға барады. – Если день солнечным будет, студенты на озеро рыбу ловить пойдут. 

Егер кiтап оқымасаң, бiлiмдi адам болмайсың. – Если не будешь читать, то образованным человеком не станешь.        

2.2 Сложноподчинённые предложения с придаточными цели

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

В придаточном предложении цели поясняется для чего (с какой целью) совершается действие в главном предложении. Образуются тремя способами:


1. 

 глагол в неопределённой форме (у)  

 үшiн 

2. 

 глагол в повелительном наклонении 

  (айын / айық / ңдар / сын и т.д.) 

 деп 

3. 

 глагол в будущем времени намерения 

  (бақ / бек, пақ / пек, мақ / мек (шы/шi)) 

 болып 

Примеры:

1.

Қазақ тiлiн үйрену 

үшiн, көп кiтап оқыдық. – Чтобы выучить казахский язык, мы много книг прочитали.     

Дәмдi тамақтану үшiн, бiз мейрамханаға бардық. – Чтобы вкусно покушать, мы в ресторан пошли.     

Институтқа ерте жету үшiн, бiз тез жүрдiк. – Чтобы пораньше добраться до института, мы шли быстро.     

Оқу үшiн келдiм. – Я приехал, чтобы учиться.      

2.

Қазақ тiлiн үйренейiк 

деп, көп кiтап оқыдық. – Чтобы выучить казахский язык, мы много книг прочитали.     

Астанаға барайын деп, пойызға билет алдым. – Чтобы в Астану поехать, я на поезд билет купил.     

Қонақтар демалсын деп, ол далаға шығып кеттi. – Чтобы гости отдохнули, он на улицу вышел.  

Баласы жақсы оқысын деп, әкесi көп оқулық әкелiп бердi. – Чтобы сын хорошо учился, отец принёс ему много учебников.      

3.

Мен оқымақшы 

болып, қалаға кеттiм. – Чтобы учиться, я поехал в город.     

Мен киноға бармақшы болып, күнi бойы дайындалдым. – Чтобы пойти в кино, я целый день готовилась.      

2.3 Сложноподчинённые предложения с придаточными уступительными

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

В таких предложениях действие главного предложения совершается вопреки условиям придаточного предложения, поэтому на русский язык такие конструкции часто переводятся как:  “Хоть и…,…”  или  “Хотя…, но…”.

Образуются сложноподчинённые предложения с придаточными уступительными тремя способами:


1. 

 причастие прошедшего времени (ған / ген, қан / кен) + мен

2. 

 глагол в условном наколонении (са / се

 да / де 

3. 

 деепричастие (а / е / й – часто бола) 

 тұра / тұрса да 

Примеры:

1.

Күн салқын болғанмен, жатақхана жылы. – Хоть день и холодный, но в общежитие тепло.     

Мен шаршағанмен, тамақ пiсiрдiм. – Хоть я и устал, но еду приготовил.     

Олар маған көмектескенмен, мен бәрiн өзiм iстедiм. – Хоть они мне и помогали, но я всё сделал сам.       

2.

Тез жүрсе 

де, пойызға үлгермей қалды. – Хоть он и ехал быстро, но на поезд не успел.     

Демалысқа шықсам да, ешқайда бара алмадым. – Хоть я и вышел в отпуск, но никуда не смог поехать.     

Ертең күн суық болса да, тауға барасыз ба? – Хоть завтра день и холодным будет, в горы пойдёте?       

3.

Ақшасы бола тұра, ол ештеңе сатып алмады. – Хоть и были у него деньги, он ничего не купил.  Сабақ оқуға уақыттары аз бола тұра, емтиханды жақсы тапсырды.  

        Хотя у них мало времени на подготовку урока было, но экзамен сдали хорошо.       

2.4 Сложноподчинённые предложения с придаточными времени

Мезгiл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем


 1.

 причастие прошедшего времени 

(ған / ген, қан / кен)

+ да / де

   кезде

   сайын

+ нан / нен   кейiн, берi

   соң

+ ысы / iсi + мен

+ ға / ге   дейiн, шейiн

+ ша / ше

во время 

после 

до


 2.

 деепричастие 

(ғалы / гелi,   қалы / келi)

после 

1.1

Если действие главного предложения происходит в то же время, что и действие придаточного предложения, то к причастию прошедшего времени добавляются окончания местного падежа да, де или следует слово кезде – в то время. Послелог сайын используется, если событие происходит регулярно – каждый день, каждый месяц и т.д.

Мен келгенде, сен жоқсың. – Когда я пришёл, тебя не было.     

Бiз театрға келгенде, концерт әлi басталмапты. – Когда мы пришли в театр, концерт ещё не начался, оказывается.     

Мен кеткен кезде, сен үйде бол. – Когда я уйду, ты дома будь.     

Қатты шөлдегенде, не iшеciз? – Когда вы испытываете сильную жажду, вы что пьёте?     

Мен Алматыға келген сайын, Медеуге баратынмын. – Каждый раз, когда я приезжал в Алматы, я на Медео ездил.     

1.2

Если действие главного предложения следует после действия придаточного предложения то добавляется или послелог соң, или окончания нан/нен и послелог кейiн – после. Послелог берi в таких предложениях означает “с тех пор, как”.

Сабақ бiткен соң, бiз үйге кеттiк. – Когда закончился урок (после того, как закончился), мы домой пошли.     

Емтихан тапсырғаннан кейiн, үйге барамыз. – Как сдадим экзамен (после того, как сдадим), поедем домой.     

Сұрақтарға жауап берген соң, мақалды оқы. – После того, как ответишь на вопросы, пословицу выучи.     

Мен жұмысқа кеткен соң, ол маған телефон соғыпты. – После того, как я ушёл на работу, он мне звонил, оказывается.     

Сабақ басталғаннан берi, жарты сағат өтiп кеттi. – С тех пор, как начался урок, пол часа прошло.     

Сюда же можно отнести предложения, которые имеют структуру “Как только…, сразу же…”. Образуются они с помощью суффиксов ысы, iсi, которые добавляются к основе глагола, затем следует окончание мен.

Сен келiсiмен, маған телефон соқ. – Как только приедешь, сразу позвони мне.     

1.3

И если действие главного предложения предшествует действию придаточного предложени, то добавляются или окончания нан/нен и послелогидейiн или шейiн, или окончания ша/ше.

Сен келгенге дейiн, мен жұмысты бiтiремiн. – До того, как ты придёшь, я работу закончу.     

Мен келгенше, cен үйде отыр. – Пока я не прийду (до того, как я приду), ты дома сиди.     

Сабақ бiткенше, мәселенi шешу керек. – До того, как закончится урок, задачу решить надо.     

В основном глагол в придаточном предложении при переводе на русский язык принимает форму того же времени, что и глагол в главном предложении. Лишь одно исключение – если время действия придаточного и основного предложения совпадает (да/де, кезде), а главное предложение в настоящем времени, то вся конструкция переводится в прошедшем времени (Мен келгенде, сен жоқсың – Когда я пришёл, тебя не было).

2.

Деепричастия третьего вида (ғалы/гелi, қалы/келi) тоже образуют сложные предложения с придаточными времени.

Мен сабаққа бармағалы көп болды. – С тех пор, как я не ходил на занятия, много (времени) прошло.     

Қар түскелi ауыл жаққа жол жоқ. – После того, как снег выпал, в сторону аула дороги нет.      

Ол мектеп бiтiргелi достарын көрген жоқ. – После того, как он школу окончил, он не видел своих друзей.

Мына кiтапты оқығалы көп жыл өттi. – После того, как прочитал эту книгу, много лет прошло.

Атам ауылдан келгелi маған күнде ертегi айтып бередi. – С тех пор, как мой дедушка из аула приехал, мне каждый день сказки рассказывает.

Мектеп ашылғалы он жыл болды. – С тех пор, как открылась наша школа, десять лет прошло. 

 

2.5 Сложноподчинённые предложения с придаточными причины

Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем


 причастие прошедшего времени 

(ған / ген, қан / кен)

дықтан / дiктен

   себептi

+ нан / нен   кейiн

   соң

В сложноподчинённых предложениях данного вида в придаточном предложении объясняется причина происходящего в главном предложении.

Ақшамыз болмағандықтан, дүкенге барған жоқпыз. – Мы не пошли в магазин, так как у нас денег не было.     

Уақытым болмаған себептi, қонаққа бармаймын. – Я не пойду в гости, потому что у меня нет времени.     

Сложноподчинённые предложения с послелогами соң и кейiн образуются также, как сложноподчинённые предложения с придаточными времени, отличаются эти предложения только по смыслу.

Оның уақыты болмағаннан кейiн, ол бiзге келе алмады. – Так как у него не было времени, он не смог к нам приехать.     

Сен онымен кездескеннен кейiн, мен оған телефон соқпадым. – Я ему не позвонил, потому что ты с ним уже встретился.     

Сен оған айтқан соң, мен үндемедiм. – Я промолчал, потому что ты ему уже рассказал.    

  

2.6 Сложноподчинённые предложения с придаточными образа действия

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем


1.


 причастие настоящего времени 

(атын / етiн, йтын / йтiн)

+ дай / дей

2.


 деепричастие 

(ып/iп/п, а/е/й)

В сложноподчинённых предложениях данного вида в придаточном предложении указывается, каким образом (до какой степени или в какой мере) происходит действие главного предложения.

1.

Тыңдаушылар сүйсiнетiндей, ол ән салды – Он пел так, что зрители восхищались.     

Сендер кездесетiндей, жағдай жасадық. – Мы сделали так, чтобы вы встретились.     

Главное предложение может разбиваться придаточным предложением.

Ол мен еститiндей қатты сөйледi. – Он говорил так громко, что я слышал.     

Сiздер ұялмайтындай дайындалыңыздар. – Подготовьтесь так, чтобы не было стыдно.      

2.

Қолы тоңып, ол үйге кiрдi. – Его руки так замёрзли, что он домой зашёл.      

Местоимения

Есiмдiктер

Общая таблица: 


Личные

      (Жiктеу)

мен – я

сен – ты

сіз – Вы (уважит., ед.ч.)

ол – он, она, оно

біз – мы

сендер – вы

сіздер – Вы (уважит., мн.ч.)

олар – они

2)   Возвратные 

      (Өздiк)

өз – свой


өзім – я сам

өзің – ты сам

өзіңіз – Вы сами

өзі – он сам, она сама, оно само

өзіміз – мы сами

өздерің – вы сами

өздеріңіз – Вы сами

өздері – они сами

3)   Указательные 

      (Сiлтеу)

бұл, осы, мына, мынау – это, эта, этот

сол, ана, анау – то, та, тот

мiне – вот

әнi, әне, әнеки, сонау – вон тот, та

4)   Вопросительные

      (Сұрау)

кім? – кто?   не? – что?

қайда? – где? куда?

қашан? – когда?

қай? қандай? – какой?

нешеу? – сколько?

неше? қанша? – сколько?

қайдан? – откуда?

қалай? – как? каким образом? 

қайсы? – который?

нешiншi? – который?

5)   Определительные   

      (Жалпылау)

бәрі, барлық, бүкіл, барша – все


әр, әрбір – каждый

әрқайда – везде

әрқалай – по-разному

әркім – каждый (чел.)

әрқашан, әрдайым – всегда 

әрқайсысы – каждый из них

6)   Неопределённые

      (Белгiсiздiк)

біреу – некто, кто-то

әлдеқандай – какой-то

әлдеқашан – когда-то

біраз – немного

бірдеме – нечто, что-то

әлдеқайда – где-то, куда-то

бірнеше – несколько

кей, кейбір – некоторый

7)   Отрицательные

      (Болымсыздық)

ештеме, ештеңе, дәнеме, ешнәрсе – ничто


ешкім – никто

ешбiр – ни один

ешқайда – никуда

ешқандай – никакой

ешқашан – никогда

ешқалай – никак

ешқайсысы – никто из них

Достарыңызбен бөлісу:

Салалас құрмалас сөйлем – Сложносочиненное предложение.

Главная

»

Қазақ тілі

» Салалас құрмалас сөйлем – Сложносочиненное предложение.

Сложным называется предложение, состоящее из двух или нескольких простых предложений, объединенных по смыслу и составляющих единое целое.

Сложносочиненные предложения образуются при помощи следующих союзов:

Ыңғайлас (Сочинительные союзы): және, да, де, та, те (и, к, тому же).

Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды. (Он не хотел сегодня уезжать, и к тому же день был холодный)

Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады. (Собрание закончилась, и народ стал расходиться).

Қарсылықты (Противительные союзы): бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, сонда да, (но, однако, иначе, все-таки). Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады (Я давал ему свою книгу, но он не взял). 2. Ол менен бұрын кетті, сонда да мен оны қуып жеттім (Он ушел раньше меня, но я его догнал).

Талғаулықты (Разделительные союзы): (біресе, не, немесе, я, яки, бірде, не болмаса, әлде, кейде, (или, иногда, то, однажды, либо). Күн біресе жауады, біресе ба-сылады (Дождь то шел, то переставал). Бүгін киноға не мен барамын, не сен барасың (В кино сегодня либо я пайду, либо ты пойдешь).

Себеп-салдар салалас (причинно-следственные): сондықтан, сол себепті, сөйтіп, сонымен, өйткені, себебі шылаулары арқылы байланысады. Менің кім екенімді Жұмабайға әкесі айтып берді, сондықтан ол менен қымсынбай сөйледі.

Кезектес
(разделительный) – бірде, біресе, кейде шылаулары арқылы байланысады. Ел іші сапырласып жатқан әскер: біресе қызыл келеді, біресе ақтың әскері келеді.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем деп аталады.

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерінің кестесі

ЖАЙ СӨЙЛЕМ

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

1. Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді.

Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді.

2. Жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады.

Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары

екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады.

3. Жай сөйлем интонациялық жағынан тиянақты болады.

Құрмалас сөйлемнің сыңарлары интонациялық жағынан тиянақсыз болады.

4. Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір бүтін болып саналады.

Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады.

Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Мысалы: Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды. Бұл – салаласа байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлем мен екінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, екеуі тең дәрежеде байланысып тұр. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Бұлсабақтаса байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысып тұр. Бірінші жай сөйлемді екіншісінен бөліп, өз алдына жеке айтуға келмейді.

Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.

Түрлері

Құрамы

Белгісі

Мысалдары

Салалас құрмалас сөйлем

Кемінде екі жай сөйлемнен құралады

Өзара тең дәрежеде байланысады, баяндауыштары тиянақты болады.

Әлден уақытта екі атты кісі келді де, мені ағаштан шешіп алды.

Сабақтас құрмалас сөйлем

Кемінде екі жай сөйлемнен құралады.

Бірі екіншісіне бағынады, бірінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болады.

Жігіттер жабылып болмаған соң, әнші сандыққа отырды.

Аралас құрмалас сөйлем

Кемінде үш жай сөйлемнен құралады.

Өзара салаласып та, сабақтасып та байланысады.

Қыздың маңдайынан сипады да, толқындай қара шашынан бір сүйіп, өз жөнімен кете берді.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.

Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы – қойды екінші жай сөйлемнің баяндауышы жүріп кетті сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.

Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы: Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.

2) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулық шылаулар: 1) да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 2) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 3) өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 4) не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, болмаса, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 5) кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді: 1) ыңғайлас салалас, 2) себеп-салдар салалас; 3) қарсылықты салалас, 4) кезектес салалас, 5) түсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас.

1. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой мен екіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылады. Мысалы: Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады. Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер да, де, та, те, және, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Жанай балуан қайратты әрі үнемі қол бастайтын болат жүректі адам еді. Өзі ешкімге соқтықпайды және ит баласына жібімейді. Бір мезгілде қу шөмшектер дыбысы келді де, бірдеме қасына тасырлатып жетіп келді.

Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болатын не болған істі білдіріп, баяндауыштары бір шақта айтылса, жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.Бір күні ауданнан қос ат жеккен шана келді, Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.

Әрі шылауы ыңғайлас салаластың әрқайсысымен қайталанып келгенде, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Мысалы: Әншінің әрі дауысы да жағымды, әрі әні де сазды екен. Ал қайталанбай бір-ақ рет келсе, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Құрылыс жұмысы басталды әрі құрылысшыларды орналастыру керек.

Және жалғаулық шылауымен байланысқан ыңғайлас салаластардың арасына үтір қойылмайды. Мен өзімді-өзім ұмыттым және көңілім шалықтап әлдеқайда алып-ұшып кеткен сияқты.

2. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіріп тұрады. Мысалы: Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды.

Себеп-салдар салалас құрмаластар жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз.

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы:

1.Себеп мәнді сондықтан 2. Салдар мәнді

жай сөйлем сол себепті жай сөйлем

1. Салдар мәнді өйткені, себебі 2. Себеп мәнді

жай сөйлем неге десеңіз жай сөйлем

Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Мысалы: Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді, сондықтан мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым.

Жалғаулықсыз себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Мысалы: Үлкендер көрші ауылға кеткен еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.

Жалғаулықсыз салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын тұрса, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады: өйткені үлкендер көрші ауылға кеткен еді.

3. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді. Жалғаулықты салалас құрмаластардың арасына үтір қойылады.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулық шылаусыз іргелес тұрып байланысса, жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Балықшылар ауды бірнеше рет салды, – балдырдан басқа ештеме ілінбеді. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбіне антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады. Мысалы: Атаның баласы болма, – адамның баласы бол. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады. Мысалы: Көктем шықты, – ауада суық ызғар бар.

4. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын құрмаластың түрі түсіндірмелі салалас деп аталады. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып байланысады да, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен.

Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышының құрамына сол, сонша, соншалық, сондай деген сілтеу есімдіктері қатысса, екі жай сөйлемнің аражігіне сызықша қойылады. Мысалы: Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті.

5. Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін саласатың түрі талғаулы салалас деп аталады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады да, арасына үтір қойылады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады.

6. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдері айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге асуын көрсетеді. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы тек салаласа байланысады да, араларына үтір қойылады. Мысалы: Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс белгісінің кестесі

Түрлері

Жалғаулықтары

Тыныс белгісі

1

Ыңғайлас салалас

Және, да, де, та, те, әрі.

Үтір

2

Қарсылықты салалас

Бірақ, сонда да, дегенмен,

алайда, әйтсе де, сөйтсе де.

Үтір, үтір мен сызықша

3

Түсіндірмелі салалас

Жалғаулығы жоқ. Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай сілтеу есімдіктері арқылы байланысады.

Қос нүкте, сызықша

4

Себеп-салдар салалас

Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, т.б.

Үтір, қос нүкте немесе сызықша

5

Талғаулы салалас

Не, немесе, я, яки, болмаса,

әйтпесе, не болмаса, әлде.

я болмаса,

Үтір

6

Кезектес салалас

Кейде, бірде, біресе.

Үтір

Добавить комментарий