Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем деп аталады.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерінің кестесі
ЖАЙ СӨЙЛЕМ |
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ |
1. Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді. |
Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. |
2. Жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады. |
Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады. |
3. Жай сөйлем интонациялық жағынан тиянақты болады. |
Құрмалас сөйлемнің сыңарлары интонациялық жағынан тиянақсыз болады. |
4. Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір бүтін болып саналады. |
Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады. |
Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Мысалы: Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды. Бұл – салаласа байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлем мен екінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, екеуі тең дәрежеде байланысып тұр. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Бұл – сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысып тұр. Бірінші жай сөйлемді екіншісінен бөліп, өз алдына жеке айтуға келмейді.
Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.
Түрлері |
Құрамы |
Белгісі |
Мысалдары |
Салалас құрмалас сөйлем |
Кемінде екі жай сөйлемнен құралады |
Өзара тең дәрежеде байланысады, баяндауыштары тиянақты болады. |
Әлден уақытта екі атты кісі келді де, мені ағаштан шешіп алды. |
Сабақтас құрмалас сөйлем |
Кемінде екі жай сөйлемнен құралады. |
Бірі екіншісіне бағынады, бірінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болады. |
Жігіттер жабылып болмаған соң, әнші сандыққа отырды. |
Аралас құрмалас сөйлем |
Кемінде үш жай сөйлемнен құралады. |
Өзара салаласып та, сабақтасып та байланысады. |
Қыздың маңдайынан сипады да, толқындай қара шашынан бір сүйіп, өз жөнімен кете берді. |
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.
Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы – қойды екінші жай сөйлемнің баяндауышы жүріп кетті сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:
1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы: Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.
2) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулық шылаулар: 1) да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 2) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 3) өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 4) не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, болмаса, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 5) кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді: 1) ыңғайлас салалас, 2) себеп-салдар салалас; 3) қарсылықты салалас, 4) кезектес салалас, 5) түсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас.
1. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой мен екіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылады. Мысалы: Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады. Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер да, де, та, те, және, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Жанай балуан қайратты әрі үнемі қол бастайтын болат жүректі адам еді. Өзі ешкімге соқтықпайды және ит баласына жібімейді. Бір мезгілде қу шөмшектер дыбысы келді де, бірдеме қасына тасырлатып жетіп келді.
Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болатын не болған істі білдіріп, баяндауыштары бір шақта айтылса, жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.Бір күні ауданнан қос ат жеккен шана келді, Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.
Әрі шылауы ыңғайлас салаластың әрқайсысымен қайталанып келгенде, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Мысалы: Әншінің әрі дауысы да жағымды, әрі әні де сазды екен. Ал қайталанбай бір-ақ рет келсе, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Құрылыс жұмысы басталды әрі құрылысшыларды орналастыру керек.
Және жалғаулық шылауымен байланысқан ыңғайлас салаластардың арасына үтір қойылмайды. Мен өзімді-өзім ұмыттым және көңілім шалықтап әлдеқайда алып-ұшып кеткен сияқты.
2. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіріп тұрады. Мысалы: Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды.
Себеп-салдар салалас құрмаластар жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз.
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы:
1.Себеп мәнді сондықтан 2. Салдар мәнді
жай сөйлем сол себепті жай сөйлем
1. Салдар мәнді өйткені, себебі 2. Себеп мәнді
жай сөйлем неге десеңіз жай сөйлем
Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Мысалы: Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді, сондықтан мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым.
Жалғаулықсыз себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Мысалы: Үлкендер көрші ауылға кеткен еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.
Жалғаулықсыз салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын тұрса, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады: өйткені үлкендер көрші ауылға кеткен еді.
3. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді. Жалғаулықты салалас құрмаластардың арасына үтір қойылады.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулық шылаусыз іргелес тұрып байланысса, жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Балықшылар ауды бірнеше рет салды, – балдырдан басқа ештеме ілінбеді. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбіне антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады. Мысалы: Атаның баласы болма, – адамның баласы бол. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады. Мысалы: Көктем шықты, – ауада суық ызғар бар.
4. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын құрмаластың түрі түсіндірмелі салалас деп аталады. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып байланысады да, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен.
Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышының құрамына сол, сонша, соншалық, сондай деген сілтеу есімдіктері қатысса, екі жай сөйлемнің аражігіне сызықша қойылады. Мысалы: Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті.
5. Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін саласатың түрі талғаулы салалас деп аталады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады да, арасына үтір қойылады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады.
6. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдері айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге асуын көрсетеді. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы тек салаласа байланысады да, араларына үтір қойылады. Мысалы: Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс белгісінің кестесі
№ |
Түрлері |
Жалғаулықтары |
Тыныс белгісі |
1 |
Ыңғайлас салалас |
Және, да, де, та, те, әрі. |
Үтір |
2 |
Қарсылықты салалас |
Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де. |
Үтір, үтір мен сызықша |
3 |
Түсіндірмелі салалас |
Жалғаулығы жоқ. Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай сілтеу есімдіктері арқылы байланысады. |
Қос нүкте, сызықша |
4 |
Себеп-салдар салалас |
Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, т.б. |
Үтір, қос нүкте немесе сызықша |
5 |
Талғаулы салалас |
Не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, әлде. я болмаса, |
Үтір |
6 |
Кезектес салалас |
Кейде, бірде, біресе. |
Үтір |
как сделать курмалас сойлем
ЖАЙ СӨЙЛЕМҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ1. Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді.2. Жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады3. Жай сөйлем интонациялық жағынан тиянақты болады..4. Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір бүтін болып саналады.Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді.
Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңарыекіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады.
Құрмалас сөйлемнің сыңарлары интонациялық жағынан тиянақсыз болады.
Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара
тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас
құрмалас деп аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт
маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.
Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы – қойды екінші
жай сөйлемнің баяндауышы жүріп кетті сияқты тиянақты, сондықтан
олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен
байланысады:
1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады.
Мысалы: Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат
киіктей орғып келеді.
2) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы
байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулық шылаулар:
1) да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәнді жалғаулық
шылаулар арқылы; 2) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген қарсылық
мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 3) өйткені, себебі,
сондықтан, сол себепті, неге десеңіз деген себеп-салдар мәнді жалғаулық
шылаулар арқылы; 4) не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, болмаса,
әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы;
5) кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас
құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді: 1) ыңғайлас салалас,
2) себеп-салдар салалас; 3) қарсылықты салалас,
4) кезектес салалас, 5) түсіндірмелі салалас;
6) талғаулы салалас.
1. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған
ой мен екіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде
айтылады. Мысалы: Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады.
Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер да,
де, та, те, және, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы
байланысса, жалғаулықты ыңғайлас салалас деп аталады.
Мысалы: Жанай балуан қайратты әрі үнемі қол
бастайтын болат жүректі адам еді. Өзі ешкімге
соқтықпайды және ит баласына жібімейді. Бір мезгілде қу
шөмшектер дыбысы келді де, бірдеме қасына тасырлатып жетіп
келді.
Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір
мезгілде қатар болатын не болған істі білдіріп, баяндауыштары
бір шақта айтылса, жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп
аталады. Мысалы: Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай
дабырлаған дауыстар естілді.Бір күні ауданнан қос ат жеккен шана келді,
Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.
Әрі шылауы ыңғайлас
салаластың әрқайсысымен қайталанып келгенде, жай сөйлемдердің
арасына үтір қойылады. Мысалы: Әншінің әрі дауысы
да жағымды, әрі әні де сазды екен. Ал қайталанбай
бір-ақ рет келсе, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Құрылыс
жұмысы басталды әрі құрылысшыларды орналастыру керек.
Және жалғаулық
шылауымен байланысқан ыңғайлас салаластардың арасына үтір қойылмайды. Мен
өзімді-өзім ұмыттым және көңілім шалықтап әлдеқайда алып-ұшып
кеткен сияқты.
2. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы
соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіріп тұрады.
Мысалы: Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің
арты бұзылып келе жатқанын байқайды.
Себеп-салдар салалас құрмаластар жалғаулықты және жалғаулықсыз болып
бөлінеді. Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар: себебі,
өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз.
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы:
1.Себеп мәнді сондықтан 2. Салдар мәнді
жай сөйлем сол себепті жай сөйлем
1. Салдар мәнді өйткені, себебі 2.
Себеп мәнді
жай сөйлем неге десеңіз жай сөйлем
Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын
ауыстырып айта беруге болады. Мысалы: Мен сұлап жатқан
орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей
еді. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді, сондықтан мен сұлап
жатқан орнымнан тұра алмадым.
Жалғаулықсыз себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын
тұрса, арасына үтір қойылады. Мысалы: Үлкендер
көрші ауылға кеткен еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.
Жалғаулықсыз салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын
тұрса, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Жастар
кешкілік сауық-сайран құрмақ болады: өйткені үлкендер көрші ауылға кеткен еді.
3. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі
іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады. Қарсылықты
салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірақ, алайда, дегенмен, сонда да,
әйтсе де деген шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты
қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Ауырғанда жаным
көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді. Жалғаулықты
салалас құрмаластардың арасына үтір қойылады.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулық шылаусыз іргелес
тұрып байланысса, жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп
аталады. Мысалы: Балықшылар ауды бірнеше рет салды, – балдырдан
басқа ештеме ілінбеді. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің
баяндауыштары көбіне антоним сөздерден және болымды-болымсыз
формадағы сөздерден жасалады. Мысалы: Атаның баласы болма,
– адамның баласы бол. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың
аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады.
Мысалы: Көктем шықты, – ауада суық ызғар бар.
4. Құрамындағы
жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы
алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын құрмаластың
түрі түсіндірмелі салалас деп аталады. Түсіндірмелі салаластың
құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып
байланысады да, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Ернеудің
бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі
төмен қарай түскен.
Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышының
құрамына сол, сонша, соншалық, сондай деген сілтеу
есімдіктері қатысса, екі жай сөйлемнің аражігіне сызықша қойылады.
Мысалы: Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып
кетті.
5. Құрамындағы
жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын
білдіретін саласатың түрі талғаулы салалас деп
аталады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек жалғаулықты
шылаулар арқылы байланысады да, арасына үтір қойылады.
Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер не, немесе, я, яки, не
болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық
мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Бұл
жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны
жеңуге тырысады.
6. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдері
айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге асуын көрсетеді.
Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес
мәнді жалғаулық шылаулар арқылы тек салаласа
байланысады да, араларына үтір қойылады.
Мысалы: Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл
бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты
көлдер кездеседі.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс
белгісінің кестесі
№ |
Түрлері |
Жалғаулықтары |
Тыныс |
1 |
Ыңғайлас |
Және, |
Үтір |
2 |
Қарсылықты |
Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, |
Үтір, |
3 |
Түсіндірмелі |
Жалғаулығы |
Қос нүкте, сызықша |
4 |
Себеп-салдар |
Өйткені, |
Үтір, қос нүкте немесе сызықша |
5 |
Талғаулы |
Не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, әлде. я |
Үтір |
6 |
Кезектес |
Кейде, |
Үтір |
Синтаксистік талдау (Синтаксический разбор)
Синтаксистік талдау — сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сейлемдерді анықтау.
Синтаксический разбор — это разбор синтаксических единиц: словосочетаний и предложений.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері — сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Олар үлкен екі топқа бөлінеді:
Члены предложения — грамматически значимые части, на которые подразделяется предложение при синтаксическом разборе. Они делятся на две большие группы:
- Тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш) — главные члены предложения (подлежащее, сказуемое).
- Тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) — второстепенные члены предложения (определение, дополнение, обстоятельство).
Белгілеу | Сөйлем мүшесі | Мысал |
Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді. |
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. |
|
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді. |
Мен дүкенге барамын. |
|
Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді. |
Кең далада балалар ойнады. |
|
Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді. |
Мен өз Отанымды жақсы көремін. |
|
Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет? |
Ертең ол театрға барады. |
Жай және құрмалас сөйлемдер
Сөйлемдер грамматикалық негіздер саны бойынша екі топқа бөлінеді: жай (бір грамматикалық негіз) және құрмалас (бірнеше грамматикалық негіздер).
По количеству грамматических основ предложения делятся на простые (одна грамматическая основа) и сложные (несколько грамматических основ).
Мысалы (Например):
Мұғалім сыныпқа кірді. (Жай сөйлем)
Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады. (Құрмалас сөйлем)
Жай сөйлемдер
Жай сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 4 топқа бөлінеді:
Простые предложения по цели высказывания делятся на 4 вида:
- Хабарлы (Повествовательные)
- Лепті (Восклицательные)
- Сұраулы (Вопросительные)
- Бұйрықты (Побудительные)
Мысалы (Например):
Қалада жаңбыр жауады. (хабарлы)
Қандай ғажап табиғат! (лепті)
Мынау сенің қаламың ба? (сұраулы)
Арман, сабаққа барсын! (бұйрықты)
Жай сөйлемдер құрылысына қарай 7 топқа бөлінеді:
Простые предложения по строению делятся на 7 групп:
- Жалаң (тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем)
Предложение состоит только из подлежащего и сказуемого. - Жайылма (тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінен тұрады)
В предложении присутствуют второстепенные члены предложения. - Жақты (бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, жақ арқылы табуға болатын сөйлем)
В предложении можно определить лицо, совершившее определенное действие. - Жақсыз (бастауышы жоқ және жақ арқылы табуға болмайтын сөйлемдер)
Предложение является безличным. - Толымды (сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі)
В предложении есть все 5 членов предложения. - Толымсыз (айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі)
В предложении нет хотя бы одного члена предложения. - Атаулы (ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі)
Назывное предложение. В предложении присутствует только подлежащее.
Мысалы (Например):
Жаңбыр жауады. (жалаң)
Далада жаңбыр жауады. (жайылма)
Ертең мен театрға барамын. (жақты)
Осы сабақты оқу керек. (жақсыз)
Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. (толымды)
Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. (толымсыз)
Алтын күз. (атаулы)
Құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемдер 3 топқа бөлінеді:
Сложные предложения бывают 3 видов:
- Салалас (Сложносочинённое предложение)
- Сабақтас (Сложноподчинённое предложение)
- Аралас (Сложная синтаксическая конструкция)
Салалас құрмалас сөйлемдер |
1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем да, де, та, те, және Мұғалім сыныпқа кірді де, оқушылар тұрды. |
2. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем бірақ, ал, дегенмен, әйтсе Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады. |
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем не… не, немесе, әлде, біресе… біресе Далада біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады. |
4. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем не… не, я… я Дүкенге я мен барамын, я сен барасың. |
5. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем сондықтан, себебі, өйткені Мұғалім сыныпқа кірді, сондықтан оқушылар тұрды. |
6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем сонша, мынау Менің айтарым сонша, … |
Сабақтас құрмалас сөйлемдер |
1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (-ған, -ген, -қан, -кен) + (-да, -де, -ша, -ше, -ғалы, -гелі) Мұғалім сыныпқа кіргенде, оқушылар тұрды. |
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем -са, -се Мұғалім сыныпқа кірсе, оқушылар тұрады. |
3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (-са, -се) + (-да, -де, -та, -те) Мұғалім сыныпқа кірсе де, оқушылар тұрмады. |
4. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем -у + үшін Балаларды үйрету үшін, Алтынсарин мектептерді ашты. |
5. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (-ған, -ген, -қан, -кен) + (-дықтан, -діктен) Мұғалім сыныпқа кіргендіктен, оқушылар тұрды. |
6. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем -ып, -іп, -п; -а, -е, -й Мұғалім сыныпқа кіріп, оқушылар тұрды. |
Мысалдар (Примеры)
Пример синтаксического разбора простого предложения:
Пример синтаксического разбора сложного предложения:
Комментарии:
- На сайте
- ВКонтакте
Добавить комментарий
Құрмалас сөйлем
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.
● Жасалу жолдары
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі жолмен байланысады:
1. Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.
● Мысал: Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды. Ол кітаптарын жоғалтып алған еді, сондықтан оның бүгін мазасы болмады.
Сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.
Бағыныңқы, басыңқы
● Жасалу жолдары
Бағыныңқысының баяндауышының негізгі жасалу жолдары:
Шартты рай – са, – се
Көсемше – а, – е, – й,- ып, – іп, – п;
– ғалы, – гелі, – қалы, – келі
Есімше – ған, – ген, – қан, – кен, – дықтан, – діктен, – мен, – ша, – ше, – да, – де
Болымсыз етістік – ма, – ме, – ба, – бе, – па, – пе;
– й, – йынша, – йінше, – стан, – стен.
● Мысал: Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.
Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.
Аралас құрмалас сөйлем
Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір – бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.
● Жасалу жолдары
Құрамындағы үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екеуінің баяндауыштары тиянақты болып келеді.
● Мысал: Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.
Құрмалас сөйлем. жүктеу